25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "Средняя школа Жанаталап"

Мектеп туралы

 

Мектеп тарихы

Алғашқы мектеп – Бастауыш мектеп.

Тарбағатай аудандық оқу бөлімінің 1961 жылғы 25 тамыздағы жарлығы бойынша Жаңаталап ауылындағы осы мектептің іргетасы алғаш рет «Бастауыш мектеп» ретінде қаланды.

Алғашқы мектептің құрылысы құрастырмалы екі бөлмелі ағаш үйден салынған. Мектеп құрылысы сол кездегі ауыл құрылысшылары мен ауыл азаматтарының еңбегімен салынды.

Кешегі мектеп – Орталау мектеп.

Жаңаталап ауылындағы бастауыш мектеп «Жаңаталап» мектебі де жылдар өткен сайын кеңейтіліп өсе түсті.

1976 жылы бес жылдық мектепке айналды.

Келесі жылы 1977-1978 оқу жылында мектеп іріленіп, сегіз жылдық мектеп болып құрылды.

Бүгінгі мектеп –Орта мектеп.

Бүгінде мектебіміз осы заманға лайық.  Жан – Жақты білім беруге толық мүмкіндігі бар. Білімді мәдени орталыққа айналды. Елбасы жолдауында көрсетілген халықтың білім алуы мен әл – ауқатын жақсарту ауыл мектептерін компьютерлендіру нәтижесінде бұл мектеп 1998 жылдан бастап «Жаңаталап орта мектебі» болып бекітілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар